С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде қашықтан оқытудың бірнеше моделі қолданылады.
Офлайн оқыту моделі – бұл желіден ажыратылған бағдарламалық жасақтама арқылы оқыту, яғни бұл қашықтан оқыту процесіне екі немесе одан да көп қатысушылардың нақты уақыт режимінде емес, белгілі бір уақыт аралығында өзара әрекеттесуі.
Синхронды (бір мезгілде) оқыту моделі бекітілген кестеге сәйкес Skype, Microsoft Teams арқылы академиялық топқа (ағынға) арналған бейнеконференцияларды немесе вебинарларды оқытушының ұйымдастыруы арқылы іске асырылады.
Асинхронды (әр уақытта) оқыту моделі Open edX, Coursera және т.б. білім беру платформаларын, LMS Moodle, электрондық корпоративтік поштаны пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі.
Асинхронды жұмыс түрін қолданған кезде студенттер мен оқытушы ұзақ уақыт бойы әр түрлі уақытта жұмыс істейді. Жұмыстың негізгі платформасы – білім беру ұйымдарының LMS.
ШҚУ-да қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін екі LMS қолданылады: eUniver білім беру порталы (http://euniver.vkgu.kz) және қашықтан оқыту порталы (http://edu.vkgu.kz/).
Баспасөз қызметі