С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Ғылыми кітапханасында Тәуелсіздік күніне орай «Қасіретім, қасиетім, ар-намысым, Желтоқсан!» атты виртуалды көрме ашылды.
Осы тақырыпқа байланысты оқырмандар назарына түрлі әдебиеттер топтамасы ұсынылады.
Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Ұлттық намысымызды оятып, салт-санамызға қозғау салған тәуелсіздігімізді бір табан жақындатқан қуанышты да, қайғылы күн – Желтоқсан оқиғасы.
Қазақстанның еркіндігі мен бостандығы жолында бастарын бәйгеге тіккен қанды Желтоқсан оқиғасының қатысушыларының ерліктері уақыт өткен сайын жадымызда жаңғыратын болады. Олардың сол қаһарлы күндердегі қайсар ерліктері – бүгінгі жастар үшін үлгі-өнеге.
Бүгінде Қазақстан – әлемнің өзге өркениетті елдерімен терезесі тең, өз алдына шаңырақ көтерген еңселі, зайырлы мемлекет.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз ғұмырлы болсын!
Ғылыми кітапхана