Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да қайта өңдеу өндірістері мен кәсіптік оқыту технологиясы бойынша жаңа жабдықтардың таныстырылымы өтті

«Физика, инженерия және технологиялар» құзыреттілігі орталығында С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә.Төлегеннің қатысуымен жаңа жабдықтың тұсаукесері өтті.

Өңдеу өндірістерінің технологиясымен байланысты кадрларды даярлау бағыты бойынша "Шығыс-Сүт" корпорациясы, "Защита элеваторы" ЖШС, "Өскемен ұн тарту комбинаты" ЖШС және т.б. серіктес кәсіпорындар үлкен қолдау көрсетеді, университетте Инженерия және технология кафедрасының технохимиялық бақылау зертханасы жұмыс істейді.

«Атамекен» ҰКП білім беру бағдарламаларының (ББ) рейтингінде «Өңдеу өндірістерінің технологиясы» білім бағдарламасы 2020 жылы 1 орынға ие болды, бұл С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың кадрларды даярлаудың жоғары сапасын көрсетеді.

Өңдеу өндірістерінің технологиялары саласында ғылым кандидаты М.С. Ағзамов қуаттылығы 1000 кг/сағ түйіршіктелген көпкомпонентті құрама жем өндіру бойынша жаңа өнеркәсіптік технологиялық желіні таныстырды. Университеттің құрама жем, өсімдік майын өндіруді оқытуға, ғылыми әзірлемелер үшін және ауыл шаруашылығы өнімдерін коммерцияландыруға арналған өз базасы бар.

Сондай-ақ, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша оқу зертханасы-цех таныстырылды, ол "Өңдеу өндірісінің технологиясы" ББ және "Кәсіптік оқыту" ББ іске асыру кезінде пайдаланылады. Сатып алынған Вassanina айналмалы конвекциялық пеші нан, нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің кең ассортиментін пісіруге арналған. Сондай-ақ, ПКА 10-1/1ПМ2 типті бу конвектоматы, қамыр илегіштер және басқа да жабдықтар көрсетілді. Жақын арада университет нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісі бойынша стартап жобасын іске қосуды жоспарлап отыр.

2020 жылдың қараша айында Janome 8050xl (тігін машинасы автомат 5 дана), Janome Memory Craft 450E (кестелеу машинасы), Jack JK-F4 тігін машинасы (жинақ) тігін өндірісі технологиясы бойынша оқу шеберханасы үшін көркемдік еңбек және графика Кәсіптік оқыту білім беру бағдарламасы бойынша жабдықтар сатып алынды. Қолда бар база жоғары білікті кадрларды даярлауға ғана емес, сонымен қатар жұмысшы мамандықтары бойынша қысқамерзімді курстар өткізуге мүмкіндік береді. "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының шешімімен "Тігінші", "ЭЕМ операторы" біліктіліктері бойынша курстарды "Атамекен" ҚР ҰКП тізіміне енгізу қабылданды.

Сандық бағдарламамен басқарылатын жаңа тігін жабдығы автоматтандырылған режимде киім, үй тұрмысындағы бұйымдар мен этнобұйымдарды жоғары жылдамдықпен тігуге мүмкіндік береді. Жобаны алға жылжыту үшін стартап фирмасы құрылды.

Сапалы материалдан университет эмблемасы бар маскалар, шарфтар мен сөмкелер жасау өндіріске енгізілді. Ұлттық зертхана базасында университет қажеттілігі үшін антисептиктер өндірісі жолға қойылды.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ көпсалалы университет ретінде аймақтың инновациялық дамуын кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында тәжірибеге бағытталған білім беру үшін барлық жағдайларды жасауда.

"Физика, инженерия және технологиялар" құзыреттілігі орталығы

 

 

Қазақ
× You found a Typo