Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының үздіктері анықталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының үздіктерін анықтау мақсатында дәстүрлі пәндік олимпиада өтті.

Қатысушылар теориялық білімдері мен танымдық деңгейлерін көрсететін эссе жазып, ауызша блиц сұрақтарға жауап берді.

Ғылым мен шығармашылық айлығы аясындағы сайысқа ф.ғ.к., ШҚУ доценттері С.Т. Қасенов, А.А. Айтмұқашова, аға оқытушы Ж.Қ. Қайырбаева, жұмыс берушілер тарапынан Өскемен қаласы О.Бөкей атындағы №44 лицейдің оқу ісі меңгерушісі Л.Н. Хасенова, 2020 жылғы республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы Ұ. Ержанова қазылық етті.

Олимпиада қорытындысы бойынша 3 курс студенті Ажар Қожабаева 1 орынды («Жыл филологы»), 2 курс студенттері Нұрдина Сейтқанова («Жылдың үздік лингвисі»), Айым Бейсенғазықызы («Жылдың үздік әдебиетшісі») 2 орынды, 2 курс студенттері Ділназ Есболатова («Үздік эссе»), Алмас Қинаятов, Жансая Кәріпханова, Ақтолқын Желдібаева 3 орынды иеленді.

Жеңімпаздар университет ректорының алғыс хатымен марапатталады.

Олимпиада жеңімпаздары 15-16 сәуірде Алматы қаласы С. Демирель университетінде өтетін ХІІІ республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, Аманжолов университетінің намысын қорғайды.

Сәттілік тілейміз!

Қ. Барбосынова,

білім беру бағдарламасының эдвайзері

Қазақ
× You found a Typo