С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Zoom желісінде «Бақытты да бал шағым – студенттік өмірім» атты «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» бойынша бірінші курс студенттерін қабылдау іс-шарасы өтті.
Өнерлі, дарынды жоғары курс студенттері бірінші курс студенттерінің қатарымызға қосылуларымен құттықтады.
Карантиндік шектеуге қарамастан іс-шара жоғары деңгейде өтті. Өнерлі де, білімді, белсенді жастар жиналған екен.
Баршаңызды жаңа оқу жылымен шын жүректен құттықтап, мол шығармашылық табыс тілейміз!
Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы