Қаржы және есеп кафедрасында «Қазақстандағы агроөнеркәсіптік бизнесті дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – Қазақстан мен Шығыс Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелерін қарастыру және талқылау.
Семинарда кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., доцент А.А. Апышева, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент К.Ж. Шолпанбаева, «Инвест-Аудит» ЖШС директоры, тәуелсіз аудитор С.Ж. Адрышева, э.ғ.к., доцент Е.С. Ситникова, аға оқытушы Л.И. Белоусова, «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Т. Федорова сөз сөйледі.
Республикамыздағы және Шығыс Қазақстан облысындағы агроөнеркәсіптік кешеннің қазіргі даму жағдайына пандемияның әсері жайында сөз қозғалып, талқыланды.
Қаржы және есеп кафедрасы