Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Қазақстан, Ресей, Украина және Беларусь ғалымдарымен ынтымақтастық желісі бойынша бірқатар халықаралық іс-шаралар өтті

25-26 қараша С. Аманжолов атындағы ШҚУ базасында Қазақстандық философиялық конгресспен, «Диалектика және мәдениет» Ресей философиялық қоғамымен, Беларусь Республикасы ұлттық ғылым академиясының философия институтымен, Қазақстан-Америка еркін университетімен ынтымақтастық желісі бойынша бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізілді.

Екі жұмыс күні ішінде Қазақстанның түрлі қалаларынан (Алматы, Нұр-сұлтан, Өскемен, Қостанай, Петропавл және т.б.) келген философтар шетелдік философтармен бірлесіп бірнеше мәселені талқылады.

Олар – белгілі қазақстандық ғалым, философия ғылымдарының докторы, профессор Н.В. Гусеваның мерейтойына арналған «Мәдениет және өркениеттік таңдау проблемасы» атты конференция жұмысы барысында қоғамдық дамудың диалектикалық түсінігінің ерекшеліктері мәселесі, «Адам мәселесі: тарих және қазіргі заман» семинары аясында адам болмысының қазіргі дағдарысы мәселесі, «Инновациялар бағдарламаларына идеялар мен негіздемелер» дөңгелек үстелі шеңберіндегі қазіргі кезеңдегі инновациялардың бағыты мен мағынасы мәселесі.

Конференцияның пленарлық отырысын PhD докторы, профессор, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлеген ашты.

Іс-шара қорытындысы бойынша ғылыми еңбектер жинағы шығарылады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo