Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Қазақстан, Ресей және Жапония жоғары оқу орындары, колледждері мен мектептері арасында туризм бойынша III халықаралық онлайн олимпиада өтті

Экономика және басқару кафедрасы ЖОО студенттері, колледж және мектеп оқушылары арасында жаңашыл-педагог, КСРО халық мұғалімі, соғыс ардагері Құмаш Нұрғалиевке арналған туризм бойынша III халықаралық қашықтық олимпиада өткізді.

Олимпиаданың мақсаты – жастарды туристік қызмет саласына тарту, «Туризм» бағыты бойынша білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Олимпиадаға Қазақстан және шет елдердің (Жапония, Ресей) ЖОО командалары қатысты. Олимпиаданың конкурстық комиссиясына келіп түскен жұмыстар қызықты әрі креативті болды.

Шетелдік жоғары оқу орындары арасында бас жүлдені Мәскеу мемлекеттік гуманитарлық-экономикалық университеті, Қазақстан жоғары оқу орындары арасында бас жүлдені Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті алды.

ЖОО-лар арасында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, НАРХОЗ университеті, Қазақстан-Американ еркін университеті, Алтай мемлекеттік университеті (Барнаул қ.) жүлделі орындарға ие болды.

Колледжер арасында жүлделі орындарды Құмаш Нұрғалиев атындағы колледж, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, Шығыс Қазақстан менеджмент және технология колледжі, ҚАЕУ колледжі иеленді.

Мектептер арасында жүлделі орындарға ие болғандар – Өскемен қаласыдағы №11 мектеп-лицей, Ахмер орта мектебі, Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектеп, Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицей, №45 орта бейіндік мектеп, Күршім ауданындағы Құмаш Нұрғалиев атындағы мектеп-гимназия, Глубокое ауданындағы Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі, Степное негізгі мектеп-балабақша кешені, Ұлан ауданындағы Украинка орта мектеп-балабақша кешені, Бозанбай орта мектебі, Аягөз ауданындағы Ақши орта мектебі.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! 

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo