Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Қазіргі географияның зерттеу әдістері» атты онлайн дөңгелек үстел өтті

Ғылым және шығармашылық айлығы аясында Экология және география кафедрасында «Қазіргі географияның зерттеу әдістері» атты онлайн дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел модераторлары – Абай атындағы ҚазҰПУ география, экология және туризм кафедрасының профессоры, г.ғ.д. Б.Ш. Әбдіманапов және г.ғ.к., қауымдастырылған профессор Р.С. Бейсембаева, ал спикерлер – кафедра оқытушылары, студенттер, магистранттар және докторанттар.

Р.С.Бейсембаева ғылым және шығармашылық айлығының басталуымен барлық қатысушыларды құттықтап, экология және география кафедрасыныңдағы негізгі ғылыми бағыттармен таныстырды.

Бірнеше мектеп оқулықтарының авторы  Б.Ш. Әбдіманапов мектеп оқулықтарындағы оқушылардың қазіргі заманғы географиялық әдістерді пайдалана отырып практикалық жұмыстарды шешу жолдарын түсіндірді. PhD доктор, доцент Н.Ж. Жеңсікбаева өз ғылыми бағыты –  «Қазақстандық Алтайдың аумақтық рекрациялық әлеуеті және шешу жолдары (рекрация және туризм)» туралы қысқаша мәліметтерге тоқталып өтті.

Профессор және РЖА (РФ), ҰЖА А.В. Егорина және жаратылыстану магистрі Ж. Манапова ШҚО этнографиялық музейінің жолсілтемесі туралы баяндады. География мамандығының 2 курс магистранты Н.С. Құдайбергенова «География курсын оқытуда жаңа технологияларды қолдану» тақырыбындағы негізгі зерттеулеріне тоқталды.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo