Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да колледждерге кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізудің ерекшеліктері талқыланған дөңгелек үстел өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Жоғары колледжінде Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының қолдауымен «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік-модульдік технологиясын енгізудің ерекшеліктері» онлайн дөңгелек үстел өтті.

Оған ШҚО колледждері директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және әдіскерлері қатысты.

Дөңгелек үстел жұмысын ШҚУ-дың стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры И.В.Ровнякова және Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығының директоры А.А. Ақылбек ашты.

ШҚУ Жоғары колледжі оқу-әдістемелік қызметінің жетекшілері әріптестерімен қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша кредиттік-модульдік технологияны оқытуды жүзеге асыру тәжірибесімен, оқу үдерісі құрылысының негізгі бағыттарымен, сондай-ақ КМТ кезіндегі оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі тәжірибесімен бөлісті.

 Қатысушылармен бірге дөңгелек үстел қонақтары – Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры А.К.Алипова, Өскемен политехникалық колледжі директорының орынбасары М.К. Ниғметжанова сөз алды.

Дөңгелек үстел соңында ШҚУ Жоғары колледжінің директоры С.Д. Өтепов спикерлер ұсынған материалдар ШҚО колледждерінің тәжірибесінде қолданылады деген пікірін білдірді және әріптестерімен өзінің командасының әрі қарай өз тәжірибесімен бөлісетінін жеткізді.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo