«Цивилист» үйірмесінің жұмысы аясында «Консенсус» студенттік медиация қызметінің отырысы өтті. Отырысқа «Құқықтану» мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты.
Студенттер үйірменің 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылап, ШҚО Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығы базасында қараша айында өтетін жастар арасындағы медиацияны қолдану рәсімдерін білуге арналған конкурсқа қатысу мүмкіндігін қарастырды.
Үйірме жетекшісі – Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Марианна Ивановна Дячук.
Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасы