Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Коронавирус пандемиясының жоғары білім беру саласына әсері» ашық онлайн дәрісі өтті

Экономика және құқық факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Қаржы және есеп кафедрасының оқытушысы Е.Е.Қамшыбаев экономикалық мамандықтардың студенттеріне «Коронавирус пандемиясының жоғары білім беру саласына әсері» тақырыбында ашық онлайн дәріс өткізді.

Дәріс тақырыбы әдістемелік онкүндік мақсаттарымен тығыз байланысты болды, олар – Экономика және құқық факультеті оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін арттыруға жәрдемдесу, С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессор-оқытушылар құрамының кәсіби шеберлігін арттыру және COVID-19 коронавирус пандемиясы жағдайында заманауи білім беруді цифрландыру контекстінде шығармашылық әлеуетті дамыту.

Ашық онлайн дәрістің күтілетін нәтижесі жоғары білім беру саласындағы жағдайды жан-жақты талқылау, жетекші әлемдік ғылыми орталықтар ретінде отандық және шетелдік университеттерде жоғары білімнің даму перспективаларын қарау болды.

Қаржы және есеп кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo