Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі бойынша аймақтық пәндік олимпиада өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» бойынша оқушыларға арналған аймақтық пәндік онлайн олимпиада өтті.

Ұйымдастырушысы – С. Аманжолов атындағы ШҚУ Экология және география кафедрасының оқытушысы Г.Ж. Қалелова.

Олимпиадаға Өскемен, Семей қалаларының, Алтай, Ұлан, Шемонайха, Катонқарағай аудандарының командалары қатысты. Бірінші кезеңде тестілеу өтсе, екінші кезеңде «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» бойынша командалық зерттеу жобалары қаралды.

Қорытындысында 1 орынды Өскемен қаласы Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінің командасы, 2 орынды Математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің қомандасы, 3 орынды Өскемен қаласы №19 орта мектебінің, Т.Тоқтаров атындағы мектептің, Б. Тұрсынов атындағы орта мектептің, Көкжайық орта мектебінің командалары иеленді.

Экология және география кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo