Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ҚР Конституциялық Кеңесі мен ШҚО әкімдігінің қатысуымен онлайн-конференция өтті

«Қазақстан Республикасының Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» атты онлайн-конференция С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы қарсаңында Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қатысуымен онлайн-режимде «Қазақстан Республикасының Конституциясы: бірлік, тұрақтылық және өркендеу» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына ғалымдар, сарапшылар, сот, прокуратура және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері, университет оқытушылары мен студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Конституциясының қазақстандық қоғамның бірлігі мен тұрақтылығын сақтаудағы, мемлекеттің табысты дамуының берік іргетасын және Қазақстан Республикасының ұлттық құқықтық жүйесінің негізін қалыптастырудағы рөлін түсінуге арналған.

Конференцияда Конституциялық Кеңес мүшесі, заң ғылымдарының докторы Әлібек Ақылбекұлы Темірбеков, «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Васильевич Чугунков және С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, заң ғылымдарының кандидаты, PhD докторы, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген құттықтау сөз сөйледі.

– 30 тамыз – еліміздің тарихындағы ерекше күн. Осы жылдар ішінде біз қарапайым емес, бірақ лайықты жолдан өттік, мемлекеттілікті нығайту, экономиканы өсіру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін көп жұмыс жасадық. Конституция ғасырлар бойы біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздікті, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтты. Барлық мемлекеттік институттардың, әрбір қазақстандықтың парызы – осы құндылықтар мен заңдылықты сақтау!

Өткен 25 жыл ішінде Қазақстан Конституциясы өзінің жоғары тиімділігін көрсетті, бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз етті. Жаңа Конституция елдің үдемелі дамуына, қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына, мемлекетке деген сенім мен сыйластықтың артуына іргетас болды. Жүргізіліп жатқан бағыттың дәйектілігі және Негізгі Заңның қоғамдық даму сұраныстарына сәйкестігі алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені барынша дұрыс пайдалана отырып, жүйелі, терең ғылыми негізде жүргізілген конституциялық реформалармен қамтамасыз етілді.

Осы дөңгелек үстелдің тақырыбы өзекті болып табылады, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы – бүгінде біздің мемлекетіміздің бірлігінің, тұрақтылығының және өркендеуінің негізі. Бүгін Конституцияны жаңаша оқу қажет. Негізгі заң – бұл қатып қалған құқықтық реликт емес деп атап өтті Елбасы бірнеше рет. Бұл – қазақстандық қоғамның жаңа жағдайлары мен сапасына сай келетін құқықтық және әлеуметтік инновацияларға ие болуы тиіс тірі механизм, міне, біз дөңгелек үстелде осы басты мақсатты нұсқауларды қарастырамыз, - деп атап өтті М.Ә. Төлеген.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын түсіндірудің өзекті аспектілері» тақырыбында Конституциялық Кеңес жанындағы ғылыми-консультативтік кеңестің мүшесі, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Баяхметұлы Абдрасулов баяндама жасады.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Гүлмира Төлеубекқызы Байыркенованың баяндамасы «Елбасының қазақстандық конституционализмнің қалыптасуындағы рөлі» тақырыбында болды.

Сөз сөйлегендер арасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Еркінбекұлы Байділдин, ШҚО Әділет департаментінің басшысы Нұрғали Есіркепұлы Андасов, ШҚО прокурорының аға көмекшісі Махмұд Абзал Махмұтұлы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Философия» мамандығы бойынша докторанты (PhD) Майра Шүршітбай болды.

Конференция аясында университет ғалымдары марапатталды: Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медаль - Төлеген М.Ә. және Г.Т. Байркенова, сонымен қатар экономика ғылымдарының докторы, академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі У.С.Әлімбетовке, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған 1941-1945 жылдардағы Ленинград майданының газет файлдарынан жиналған бірегей басылымды шығарғаны үшін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Н.З. Нигматулин ұсынған диплом мен кәдесый тапсырылды.

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің

баспасөз қызметі

 

 

Қазақ
× You found a Typo