Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған халықаралық вебинар өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Гуманизм тарихы: идеялардан – іске асыруға» циклының «Нұрсұлтан Назарбаев: әлемді өзгертетін идеялар» тақырыбындағы халықаралық вебинар С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да өтті. 

С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры, профессор М.Ә. Төлеген құттықтау сөз сөйледі.

– Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі шексіз. Ұлттық рухты ояту және мемлекеттілігімізді жандандыру миссиясы қазіргі жаһандық саясат алыптарының бірі – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мойнына жүктелді, оның бейнесі ғасырлар бойы ризалық білдірген ұрпақтар үшін бағдар болмақ. Тәуелсіздік таңында халқымыз оған жаңа Қазақстанды жобалау мен салуды сеніп тапсырды. Уақыт бұл тағдырлы таңдаудың дұрыстығын дәлелдеді. Н.Ә. Назарбаевтың тарихи феномені – ол ұлттың жасампаздық әлеуетін шоғырландырып, қоғамды әлемде «қазақстандық барыстың секірісі» деген бейнелі атауға ие болған болашаққа деген қуатты серпіліске жұмылдыра білуінде. Елбасының нақты істерді, бүкіл жүйенің тұрақтылығын сақтауды, стратегиялық жоспарлауды және кезең-кезеңімен дамытуды көздейтін айрықша прагматикалық тәсілі біздің елімізге толық емес 30 жыл ішінде мемлекеттік құрылыста ірі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Үздіксіз трансформация үдерісі мен қоғамның барлық салаларындағы терең жүйелі реформалардың арқасында әлемде басты жаратушысы және авторы Н.Ә. Назарбаев болып табылатын «қазақстандық ғажайып» туралы сөз қозғалды. Елбасының сарабдал саясаты мен мінез-құлқы Қазақстан экономикасын әлемдегі ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың бірі мәртебесіне көтерді. Тұңғыш Президенттің жеке үлесі мен халықтың қуатты қолдауының арқасында әлемдік қоғамдастықта терең ойластырылған бағыт бойынша мемлекеттің біртіндеп және сенімді дамуына негізделген «Қазақстандық даму моделі» кеңінен таралды, – деп атап өтті М.Ә. Төлеген өз сөзінде.

Іс-шараға С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә.Төлеген мен СД және ҒЖ жөніндегі проректоры И.В. Ровнякова модератор болды.

Халықаралық вебинарға қатысушыларға Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары И.Ф.Смит, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Ж. Қабдолдақызы, «Nur Otan» партиясы ШҚОФ төрағасының орынбасары А.О. Байжанова құттықтау сөз сөйледі.

Познань қаласындағы (Польша) Адам Мицкевич атындағы университеттің жүйелі және экологиялық ботаника кафедрасының профессоры, ғылым докторы Петр Шкудлаж (Piotr Szkudlarz) «Ұлтты ұйыстыру адамзаттың заманауи даму жолына түсуінің шарты ретінде», «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚОФ төрағасы А.С. Шерубаев «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті: Тұлға. Дәуірі. Сабақтастық», Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты (Нұр-Сұлтан қ.) С.К. Бердіғұлова «Нұрсұлтан Назарбаев – жаһандық антиядролық қозғалыстың танымал көшбасшысы», педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ибрагим Шешен атындағы Агры мемлекеттік университетінің (Түркия) доценті С.А. Нұрғалиева «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саясаты – бірлік пен толеранттылық моделі», «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, ШҚО әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңесшісі Бақыт Маржан «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің өзекті мәселелері», С. Аманжолов атындағы ШҚУ Қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Г.Т. Байыркенова «Елбасының конституциялық идеялары және Қазақстандағы конституционализмнің дамуы» баяндамаларын жасады.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo