С. Аманжолов атындағы ШҚУ Маркетинг, мансап және жұмыспен қамту орталығының жұмысы бірнеше бағытта жүзеге асырылады, олардың ішінде - мектеп түлектерін ЖОО-ға дейінгі даярлау, «Жас Талап» каникулдық дайындық курстары.
Сонымен қатар, «Серпін» штабының жұмысы жүргізілуде, шетелдік қазақ диаспорасы, оралмандар мен шетелдік азаматтар үшін дайындық бөлімшесі ұйымдастырылған.
Кәсіптік бағдар беру сипатындағы іс-шаралар қатарында –университеттің, факультеттердің, кафедралардың Ашық есік күндері, халықаралық білім беру көрмелеріне қатысу, жарнамалық-имидждік жұмыс және т.б.
ШҚО білім басқармасының мәліметінше, 9-сыныпты бітіретін оқушылар саны – 16 542, 11-сыныпты аяқтайтын оқушылар саны – 8 861 адам.
Баспасөз қызметі