Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да кураторлар кеңесінің онлайн отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің жетекшісі Назым Аманжолованың төрағалығымен кураторлар кеңесінің онлайн отырысы өтті.

Күн тәртібінде Студенттер үйінде карантиндік шараларды сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу, Тұңғыш Президенті күнін, халықаралық толеранттылық күнін, дүниежүзілік ЖҚТБ-мен (СПИД) күрес күнін және басқа да іс-шараларды өткізу мәселелері қаралды.

ТФжХҚФ кураторлар кеңесінің төрайымы, Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Ж.А. Қалимолдина және ЖҒжТФ аға кураторы, ф-м.ғ.к. Е.К. Ерғалиев кураторлар атынан университет ректоры М.Ә.Төлегенге академиялық топ кураторларына қолдау көрсетіп, қосымша төлемақы тағайындағаны үшін алғыс білдірді.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo