Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Әл-Фараби мұрасына арналған онлайн-сабақ өтті

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға оқытушысы Қарлығаш Барбосынова «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәні аясында Әл-Фараби мұрасын талдауға арналған пәнаралық сабақ өткізді.

Сабаққа қазақ тілі мен әдебиеті, шет тілі, аударма ісі, музыка, философия, психология, журналистика білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері қатысты.

Энциклопедист ғалым трактаттарының негізінде «Мәңгілік ел» идеясы мен түркі елдерін біріктіретін үлкен руханияттың жатқаны талқыланды.

Білім алушылар ғұлама ғалымның зияткер тұлға болу үшін адамға қойылатын төрт талапты (жан тазалығы, ар тазалығы, жалпы адамзат пен өз халқына деген шексіз махаббат, білім мен ғылымға қалтқысыз қызмет ету) қалай ой-санамызға сіңіру керек деген сұрақ төңірегінде пікір алмасты.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo