- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Латын графикасына негізделген қазақ жазуының орфографиялық мәселелері» семинар-тренингі өтті.
ШҚУ-дың Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы мен «Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығы «Латын графикасына негізделген қазақ жазуының орфографиялық мәселелері» семинар-тренингін өткізді.
Іс-шараны кафедра меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты С.Т. Қасенов кіріспе сөзбен бастап, филология ғылымдарының кандидаты А.А. Әлімхан, филология магистрі Ж.Қ. Қайырбаева латын графикасына негізделген қазақ жазуының емле ережелерінің теориялық, практикалық мәселелерімен таныстырып, жаттығу жұмыстарын жүргізді.
Тренинг жұмысына «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері қатысып, ойларын ортаға салды.
Семинар-тренинг қатысушылардың латын графикасымен жазылған «Армандастар» әнін бірігіп орындауымен аяқталды.
«Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығы,
қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы