- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Абайдың 175 жылдығына орай С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Әлем таныған ұлы Абай» онлайн вебинарын өткізді.
Іс-шараға С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ғылыми кітапханасының мамандары, кафедра оқытушылары және білім алушылары қатысты.
Вебинар барысында Ғылыми кітапхана маманы Раушан Төлеуханова, кафедра меңгерушісі Фаийна Қабдрахманова және кафедра оқытушылары баяндама жасады. Сонымен қатар, білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пікір алмасу болды.
Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы