С.Аманжолов атындағы ШҚУ базасында «Зияткер» ғылыми-білім беру орталығының мамандары ұйымдастырған «Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін түзету: логопед-мұғалімнің жұмыс кезеңдері мен технологиялары» атты логопедтерге арналған қашықтан оқыту курстары жұмысын бастады.
Курс дәріскері – жоғары санатты мұғалім-логопед, дефектология магистрі Марина Геннадьевна Лаврентьева.
Курстарда практикаға бағытталған сабақтар, онлайн консультациялар, сондай-ақ көпжылдық және сәтті тәжірибесі бар логопедпен кәсіби қарым-қатынас жүргізіледі, проблемалық жағдайларды талдау және сөйлеуді дамытудағы кемшіліктерді жою әдістері үйретіледі.
Барлық курсанттар курс тақырыбы бойынша оқу материалын алады.
Курстар 20 наурызға дейін жалғасады.
Баспасөз қызметі