Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу бойынша IQAA сараптамалық тобының аудиті аяқталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да университетті мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу бойынша IQAA сараптамалық тобының сыртқы аудитінің екінші, соңғы күні өтті.

Аудит жүргізу екі кластерге және екі күнге – 23-24 қарашаға есептелген.

1 кластер: 6В01404 – «Музыкалық білім», 6В01403 (5В010400) – «Бастапқы әскери дайындық», 6В01401 (5В010800) – «Дене шынықтыру және спорт», 7М01401 (6М010800) – «Дене шынықтыру және спорт».

2 кластер: 6В11101 (5В090200) – «Туризм», 6В04101 (5В050600) – «Экономика», 7М04101 (6М050600) – «Экономика».

Аудиттің екінші күні практика базаларына және оқу сабақтарына ішінара бару, практика базаларының жұмыс берушілерінің өкілдерімен кездесу – сұхбат (онлайн), қашықтықтан оқыту басшысымен кездесу – сұхбат және оқу сабақтарына қатысу (онлайн), студенттермен сұхбат өтті.

Сонымен қатар, аккредиттелетін білім беру бағдарламалары бойынша құжаттаманы зерделеу, сыртқы сараптама тобы мүшелерінің пікір алмасуы, сарапшылардың сұрауы бойынша кафедралар мен құрылымдық бөлімшелердің жекелеген өкілдерін шақыру орын алды.

Сыртқы аудит бойынша есептерді дайындағаннан кейін сыртқы аудиттің алдын ала қорытындыларын ұсыну үшін сараптамалық топтың ЖОО басшылығымен кездесуі өтті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo