Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында Математика кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне арналған «Математикадан олимпиадалық есептерді талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны аға оқытушы А.К. Бакишев және Математика кафедрасының меңгерушісі Е.К. Ерғалиев Математика кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне кәсіби құзыреттілікті дамыту мақсатында өткізді.
Дөңгелек үстел мақсаты – оқыту әдістемесін жетілдіру және кәсіби тәжірибемен алмасу үшін өзекті педагогикалық тәжірибені ұсыну және оны жас оқытушылар мен студенттер арасында тарату.
Математика кафедрасы