Математика кафедрасының меңгерушісі мен кәсіптік бағдар берушілері Тарбағатай ауданы К. Біләлов атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларымен онлайн-кездесу өткізді.
ЖҒжТ факультеті Математика кафедрасының кәсіптік бағдар берушілері Э.М. Мағзұмова, Ж.Р. Жақсылықова және кафедра меңгерушісі Е.К. Ерғалиев кәсіптік бағдар беру аясында Тарбағатай ауданы К. Біләлов атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушыларымен онлайн форматта кездесу өткізді.
Кездесу барысында ұйымдастырушылар университеттің білім беру бағдарламалары туралы құнды ақпаратпен бөлісіп, университетте оқытылатын мамандықтар бойынша оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
Кафедра оқытушылары оқушыларға тестілеуден сәтті өтулерін тілеп, университетіміздің студенті болуға шақырды.
Математика кафедрасы