Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да мектеп оқушыларына арналған «Экономика негіздері» бойынша аймақтық олимпиадасы өтті

Экономика және құқық факультетінің Экономика және басқару кафедрасы ШҚО мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында «Экономика негіздері» бойынша аймақтық олимпиада өткізді.

Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезең 1-20 желтоқсан аралығында өтті. Онда қатысушылар «Халықтың қоғамдық өміріндегі цифрлық технологиялардың рөлі» тақырыбында жобалар дайындауға тиіс болды. Екінші кезең 22 желтоқсанында өтіп, оқушылар тест және кейс тапсырмаларын орындады. Олимпиаданың екінші, қорытынды кезеңіне Өскемен, Семей, Риддер қалаларының және облыс аудандарының 15 мектебінен 32 қатысушы өтті.

Екінші кезеңнің нәтижесі бойынша олимпиада жүлдегерлері анықталды.

С. Аманжолов атындағы ШҚУ-да 2021-2022 оқу жылында оқудың бірінші жылына 100% жеңілдік алу құқығымен гран-при Әйкерім Мырзахан (Өскемен қаласы, «Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №1 атындағы орта мектеп» ККМ) иеленді.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді: 1 орын – Бота Асқарбек (Өскемен қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі ХББ); 2 орын – Светлана Калинкина (Семей қаласы, «Экономикалық лицей» КММ, Мария Черномаз (Глубокое ауданы, «Предгорное орта мектеп-балабақша кешені» КММ»); 3 орын – Ләйля Темірбаева (Өскемен қаласы, «№46 орта мектеп» КММ»), Саяна Мұхаметқан (Өскемен қаласы, «Шәкәрім Құдайбердіұлы атындағы №1 атындағы орта мектеп» ККМ), Иван Кондратьев (Риддер қаласы, «№16 орта мектеп» КММ).

«Үздік презентация» номинациясында жүлделі орындар келесідей анықталды: 1 орын – Самғар Дүйсенхан (Зайсан қаласы, М. Дәуленов атындағы мектеп-интернат); 2 орын – Максим Измайлов (Глубокое ауданы, «Опытное поле орта мектебі» КММ); 3 орын – Камила Есімбаева (Риддер қаласы, «№ 10 орта мектеп» КММ).

Сондай-ақ, Қанат Омар (Өскемен қаласы, «Қ. Нұрғалиев атындағы мектеп-лицей») «Үздік экономикалық ой», Айзат Дәурен (Өскемен қаласы, «№46 орта мектеп» КММ) «Кейсті шешудегі үздік креативті тәсіл», Нұрхан Нұрғали (Өскемен қаласы, №24 орта мектеп) «Үздік тестілеу нәтижесі» номинацияларының жеңімпаздары атанды.

Экономика және басқару кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo