Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде оқуды аяқтайтын студенттермен ақпараттық кездесулер басталды

1 ақпанда Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да 2021 жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде, оның ішінде ауылдық квота және «Мәңгілік Ел жастары – индустрияға» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтайтын студенттермен ақпараттық-түсіндіру кездесулері басталды.

Бекітілген кестеге сәйкес бірінші кездесулер келесі мамандықтармен өтті: Алғашқы әскери дайындық, Музыкалық білім беру, Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу, Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі, Педагогика және психология, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Әлеуметтік жұмыс.

Кездесуде студенттерді жұмысқа бөлу және жұмыстан босату ережелері талқыланды. Студенттер қызықтыратын сұрақтарына жауап алды, ҚР Үкіметінің 30.03.2012 ж. №390 үкімімен танысты (өзгерістер мен толықтыруларымен).

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуды бітіретін студенттерге арналған жадынамалармен, өтініш нысаны және ШҚО білім басқармасының деректері бойынша білім беру ұйымдарындағы бос орындар туралы ақпаратпен Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ сайтында «Жұмысқа орналастыру» бөлімінде танысуға болады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo