Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ШҚО бойынша департаменті өкілдерінің студенттермен кездесуі өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың 4 курс студенттері Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ШҚО бойынша департаментінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында жас мемлекеттік қызметкерлер мектебінде оқу, мемлекеттік қызметке орналасу және байқаудан өту мәселелері қаралды.

Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айнұр Мұстафина мемлекеттік қызметке кіру қолжетілімдігін және ашықтығын атап өтті. Қазіргі уақытта кез келген адам электрондық үкімет порталы арқылы тестілеуге өтініш бере алады.

Сонымен қатар департамент өкілдері студенттер мен барлық қызығушылық танытқан адамдарды Жас мемлекеттік қызметкерлер мектебінде шақырды. Жас мемлекеттік қызметкерлер мектебі мамыр айында 5 күн ішінде өтеді.

Қосымша ақпарат пен бос жұмыс орындар тізімін www.kyzmet.gov.kz сайтынан табуға болады.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы

Қазақ
× You found a Typo