Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Мәңгілік ел – тұрағым, Тәуелсіздік – тұмарым» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 1-2 мамыр күндері өткен "Мәңгілік ел – тұрағым, Тәуелсіздік – тұмарым" атты республикалық пікірсайыс турнирі өз мәресіне жетті.

Екі күнге жалғасқан республикалық онлайн турнирға еліміздің түкпір-түкпіріндегі 13 қаладан, яғни Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Балқаш, Қостанай, Орал, Семей, Атырау, Ақтөбе, Бейнеу, Тараз, Павлодар, Өскемен сияқты қалалардан 50 фракция турнирға қатысуға өтінімдерін қалдырған болатын. Өтінім берген 50 фракцияның ішінен төрешілер мен ұйымдастырушылар дебаттағы тәжірибесіне қарап, «сен тұр мен айтайын деген» 32 фракцияны таңдап алды.

Турнирдің алғашқы күні іріктеу раундтары болып, 16 фракция плей-оффқа жолдама алады. Турнирдің екінші күні іріктеуден өткен 16 фракция өз мықтылықтарын көрсетіп, турнирде өз бақтарын сынады.

Екі күнгі турнирде төрт фракция жеңіс төрінен көрінді. Жүлделі I орынды "Тәуекел" фракциясы (Серікұлы Әбдірахман, Нұрымбетова Жанеля, Халықаралық бизнес университеті), II орынды "Өскеменге деген махаббатпен" фракциясы (Мақатова Қарагөз, Мақатова Аягөз, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті) III орынды "Ақиқат үшін" фракциясы (Айып Ұлдана, Ағабек Сара, Орта Азиялық иновациялық университеті), IV орынды "Хан мен уәзір" фракциясы (Махамбет Азамат, Шахзадаев Рахим, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) иеленді.

Турнирдің ерекшелігі екі күн бойы қатысушыларды қызықтыру мақсатында интеллектуалды сұрақтар қойылып, оқу орны мен өтіп жатқан турнир туралы пост жазу сайысы да өтті. Нәтижесінде «Үздік парасатшы» номинациясын Халықаралық бизнес университетінің студенті Әбдірахман Серікұлы, «Үздік пост» номинациясын М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Нұрдәулет Ескермес жеңіп алды.  

Турнирдің ұйымдастырылуы мен төрешілік сапасын арттыру мақсатында ұсынылған «Үздік төреші» номинациясымен «Психология» мамандығының 2 курс магистрі Жадыра Мәжібаева марапатталды. Ал, «Үздік ұйымдастырушы» номинациясымен «Ядролық физика» мамандығының 2 курс студенті Алуан Әдебиет марапатталды.

Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo