- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың «Шабыт» студенттер театры ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Поэзия менімен егіз бе едің» атты онлайн концерт өткізді.
Кеште ақынның сөзіне жазылған әсем әуендер шырқалып, ақынның поэзиялары бірнеше тілде оқылып, өмірі жайлы ақпарат айтылып, поэмалары оқылды. Театр мүшелерінің қаламынан шыққан Мұқағали Мақатаевқа арналған жан тебірентер арнаулар да болды.
Мәнді әрі қызықты өткен концерт сахнадағы концерттерден кем түспеді. Кеш көрермен көңілінен шығып, ерекше ықыластары мен қолдауларын білдірді.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі