Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да музыкалық шығармаларды талдау және қашықтан оқыту технологияларын қолдану бойынша дөңгелек үстел өтті

19 сәуір күні С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың Музыкалық білім және алғашқы әскери дайындық кафедрасында Педагогика, психология және мәдениет факультетінің әдістемелік онкүндігі аясында «Музыкалық шығармаларды талдау, ҚОТ қолдана отырып оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел онлайн режимінде өткізілді. Аталған іс-шараға оқытушылар, студенттер, магистранттар қатысты.

Дөңгелек үстел модераторы кафедра оқытушысы Ж.С. Садықова "Қашықтықтан оқыту жағдайында БММ, БӨМ және колледж педагогтерінің педагогикалық шеберлігін жетілдіру" біліктілікті арттыру бағдарламасының жобасын ұсынды.

Жоба бес модульден тұрады, олар университеттің білім беру қызметін коммерцияландыру мақсатында әзірленген.

Курс бірнеше бағыт бойынша педагогикалық шеберлікті оқыту дағдыларын дамытуға бағытталған.

Соңында тыңдаушылар өздерінің курстық жобасын қорғайтын болады. Курс нәтижелері бойынша педагогтар ғылыми жұмыстарды, оқу әдебиеттерін құрастыру дағдыларын жетілдіреді, Movavi, Prezi, Musiscor және басқа да бағдарламаларды қолдана отырып, оқытудың инновациялық әдістерін меңгереді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қосымша білім беру және орта-арнайы оқу орындарындағы жағдайды талқылап, қазіргі заманғы педагогтың алдына қойылған міндеттерді шешу жолдарын іздеді.

Музыкалық білім

және алғашқы әскери дайындық кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo