Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ- да Наурыз мерекесіне арналған онлайн концерт өтті

19 наурызда С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының  студенттерінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Әз наурыз!» атты мерекелік кеш өткізілді.

Наурыз - «жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн - біздің ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі.

Кеш барысында Наурыз мерекесінің мың жылдық тарихы жайлы қызғылықты ақпараттар айтылды. Өнерлі студенттеріміз ән айтып, күй тартып, қызықты зияткерлік ойын да ойнатылды. Сонымен қатар, 1 курс студенттері Адалбек Ардақ, Қақарман Айбота және Рамазанов Айбар өздері шығарған арнау өлеңдерін оқып, бата да берілді.

Кеш  соңында мерекелік іс-шараға қатысқан кафедра оқытушылары алған әсерлерімен бөлісіп, мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының аға кураторы Г. Апышева

Қазақ
× You found a Typo