Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Наурыз мейрамы қарсаңында «Игі істер марафоны» өтті

Елімізде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қ.-Ж.К. Тоқаевтың бастамасымен «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы жүзеге асуда. 

– "Игі істер марафонының" бізде Наурыз мейрамының қарсаңында өтуінің символдық мәні бар. Дәстүр бойынша көктемгі жаңару мерекесі – Наурыз мейрамын біз тек құттықтаулармен ғана емес, сонымен қатар көмек көрсетумен, қайырымдылықпен де байланыстырамыз, сондықтан марафонымызды "Жылу" дәстүрімен жалғастыруға үндеймін, атап айтқанда мүмкіндігі шектеулі 2 курс студенті Болат Айтолқынның емделуіне ақшалай көмек көрсетуге шақырамын, – деп атап өтті С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлеген.

"Игі істер марафоны" – жақсылық жасауға шабыттандыру мақсатында адамдар мен ұйымдарды біріктіретін қайырымдылық қозғалысы. Жоба мейірімділік, өзара көмек, жанашырлық, жомарттық идеясы басым қоғам құруға негізделген.

"Игі істер марафонының" іс-шаралары – Наурыз мейрамы аясындағы "Жылу" дәстүрі, яғни қиын материалдық жағдайға тап болған жандарға көмек көрсету, әлеуметтік желілердегі "Бір-бірімізге жақсылық тілейміз" акциясы, жалғызбасты зейнеткерлерді, соғыс ардагерлерін құттықтау, 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні (БҰҰ), "Мен Қазақстандағы өкпе дертін жоюға қатысамын" қозғалысын қолдау, 15-21 наурыз – экологиялық іс-шаралар апталығы, кеңселерде, ЖОО-ларда "жасыл бұрыш" жасау, аумақтарды қоқыстан тазарту, 27 наурыз – "Жер сағаты" халықаралық экологиялық акциясы, 28-30 наурыз – Жерді қорғау күні (бұл күні планетаны қорғау үшін бір игі іс жасау керек).

Ал сәуір айында "Ең мейірімді аймақ" байқауы басталады, сондай-ақ ауқымды ағаш егу іс-шарасы өтеді.  Сонымен қатар, "Азаматтық бастамалар орталығының" қолдауымен үкіметтік емес ұйымдар мен еріктілер қозғалыстарына арналған "Жақсылық сабақтары" тегін тренингтері ұйымдастырылады, онда жаттықтырушылар коммерциялық емес ұйымдардың жұмысын үйлестіру және жоспарлау қағидаттарын үйретеді. 

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo