Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Нұр-Сұлтанның №59 мектеп-лицейінің түлектеріне арналған бейнеконференция өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Бізді кім адам қылады, бізді кім шебер қылады бейнеконференциясы өтті

Шараға Нұр-Сұлтан қаласының №59 мектеп-лицейінің түлектері мен педагогтары, Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасы, Музыкалық білім және алғашқы әскери дайындық кафедрасы қатысты.

Түлектер назарына білім беру бағдарламаларын техникалық қамтамасыз ету, оқуға түсу шарттары, әлеуметтік кепілдіктер және студенттерді қолдау туралы бейнематериалдар ұсынылды.

Болашақ талапкерлерді педагогика ғылымдарының докторы, Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры В.П. Русанов, Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Р.Б. Сармулдинов, Музыкалық білім беру және алғашқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушілері Д.С. Байдрахманов қарсы алды.

"Дене шынықтыру және спорт" білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты Толғанай Серікқызы мен 2 курс білім алушысы Артем Боровиков өздерінің кіші жолдастарына жылы лебіздерін білдірді.

Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының басшысы Ж.Б. Болатова Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ туралы, ЖОО сайты, білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісіп, байланыс мекенжайларын ұсынды.

Мамандық таңдау – бұл әр мектеп түлегінің өміріндегі жауапты қадам және әркімнің: "Болашақта еңбек нарығында қалай сұранысқа ие болу керек? Қандай кәсіп қаржылық әл-ауқат пен қуаныш әкеледі?» секілді сұрақтары бар.

Қашықтан оқытуға байланысты кәсіптік бағдарлау онлайн режимінде жүзеге асады. Мұндай жұмыс түлектер мен ата-аналардың университетпен танысу шекарасын кеңейтті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo