Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да облыс кәсіпорындарының аудиторлары мен бухгалтерлерінің қатысуымен студенттерге арналған семинар өтті

Экономика және құқық факультеті Қаржы және есеп кафедрасының оқытушылары «Өндірістік кәсіпорындарда, сондай-ақ шағын және орта бизнес кәсіпорындарында шығындарды есепке алуды ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері» әдістемелік онлайн семинарын өткізді.

Семинарға практикалық қызметкерлер – тәуелсіз аудитор, «Ай аудит» ЖШС директоры С. Егембердиева, «ШҚ Бекон» ЖШС бас бухгалтері В. Шашкина, кафедра оқытушылары – э.ғ.к., доценттер А. Апышева, К. Шолпанбаева, Н. Шайханова, аға оқытушылар Л. Белоусова, А. Жапарова, оқу орны студенттері – 6В04104-Есеп және аудит, 6В04102-Қаржы ББ және колледж оқытушылары, студенттері (С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжінен Л. Ледовских, Экономика және қаржы колледжінен Л. Фомина, Ж. Дүсейханова, Қ. Нұрғалиев атындағы колледжден О. Заграничная) қатысты. Семинар модераторы э.ғ.к., доцент К. Шолпанбаева болды.

Іс-шараның мақсаты – 6В04104-Есеп және аудит, 6В04102-Қаржы ББ бойынша мамандарды дайындаудың тәжірибеге бағытталған тәсілі, сондай-ақ колледж оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы.

Л. Белоусова «Өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістері» тақырыбында баяндама жасады. «ШҚ Бекон» ЖШС бас бухгалтері В. Шашкина ет өндірісі өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялау және үстеме шығыстарды бөлу тәртібі бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Форумға тәуелсіз аудитор, Алматы қаласы «Ай аудит» ЖШС аудиторлық компаниясының директоры С. Егембердиева пікір білдірді.

Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, ұйымдастырушылар мен баяндамашыларға пайдалы әрі қажетті ақпарат үшін алғыс білдірді.

Қаржы және есеп кафедрасы
Қазақ
× You found a Typo