Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да облыс мектептері арасындағы халықаралық қатынастар олимпиадасы өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы Шығыс Қазақстан облысы мектептері түлектері арасында «Тәуелсіз Қазақстан: әлемдік аренада 30 жыл» тақырыбына арналған «Халықаралық қатынастар» бойынша олимпияда өткізді.

Сайыстың 1 кезеңіне жиырмадан астам түлектер қатысты, олар Қазақстанның халықаралық ұйымдармен (ДДҰ және НАТО) ынтымақтастық туралы эссе дайындады. 24 ақпанда Олимпиаданың 2-кезеңі өтті. Мектеп түлектері танымал дипломаттарға және олардың тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы мен дамуындағы рөліне арналған қызықты жобалар ұсынды.

Сайыстың 2 кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Гран-при Амангелді Зерянхановқа («Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ Өскемен қ.) бұйырды, бірінші орынды Станислав Фрик («Камышин кешені» жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша» КММ. Шемонаиха а.), екіншісі орынды - Мадина Рысқалиева «Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат – колледжі» КММ) және үшінші орын Анеля Самойлова («Экономикалық лицей» КММ, Семей қ.) үлесіне тиді. Сондай-ақ, тағыда 4 сайыскерге әртүрлі номинациялар берілді.  

Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларына өз мемлекетінің тарихы бойынша қосымша білім алуға, белгілі бір мамандық таңдауға деген ұмтылысын күшейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары олимпиадаға қатысқан барлық балалар біздің университетке келіп, «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасына түседі деп сенеді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo