Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да облыс мектептерінің оқушыларына «Роботты техника» бағыты бойынша курс өтті

ШҚУ-да stem-білім беру негізінде облыс және қала мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына «Роботты техника» бағыты бойынша курстың бірінші сабағы қазақ және орыс тілдерінде өткізілді.  

Сабақ жоғары деңгейде өтті. Бірінші күні Зайсан ауданы Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің, Өскемен қаласы Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің, №3 орта мектебінің, Семей қаласы Шақаман мектебінің, Риддер қаласы №1, №16 мектептерінің оқушылары қатысты. Оқушылар саны 40-тан асты.

Курс модераторы, компьютерлік модельдеу және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, PhD Салтанат Адиканова оқушылармен танысып, курс мазмұнын ашып, екі айда не өтеміз, қалай өтеміз, қандай нәтижеге қол жеткіземіз деген сұрақтарға жауап берді.

Дәріс сабағын КМжАТ кафедрасының оқытушысы, 1 курс докторанты Қ.Қ. Сарбасова өткізді. Дәріс сабағы Arduino роботтарымен танысу болды. Презентация  көрсетілді. Оқушылардың дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту мақсатында Kahoot онлайн сервисінде интерактивті тапсырмалар беріліп, жеңімпаздар анықталды. Оқушылар белсенділік танытып, курстың жалғасуына ынта білдірді.

Жалпы сабақ Zoom платформасында онлайн түрде өткізілді.

Цифрлық педагогика зертханасы

Қазақ
× You found a Typo