Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да облыстық төтенше жағдайлар департаменті Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай онлайн семинар өткізді

Бүгін Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні аясында С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ЖҒжТФ студенттері үшін ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, ПЧ-9 бөлімшесінің командирі, азаматтық қорғаныс старшинасы Дәулет Манапов «Азаматтық қорғаныс – өзіңді қорға» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Семинар барысында университет қонақтары азаматтық қорғаныстың негізгі функциялары туралы айтып, жауынгерлік іс-қимылдар немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде Қазақстан аумағында тұрғындарды, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғау бойынша кешенді шараларды білдіретін осы ұғымның мәнін ашты.

Сондай-ақ, қонақтар өрт және жер сілкінісі кезінде адамдарды эвакуациялау және жүріс-тұрыс ережелері, зардап шеккендерге уақтылы алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығы, сондай-ақ газбен улану және осындай жағдайларды болдырмау шаралары туралы айтты.

Студенттер АҚ әскерлерінің қалай құрылғаны, олардың бейбіт және соғыс кезіндегі қызметі туралы білді. Бұл жүйе бейбітшілікті қорғауға, еліміздегі тәртіпті қамтамасыз етуге және оның азаматтарының тыныштығын сақтауға айтарлықтай үлес қосты.

Дәулет Дәулетханұлының айтуынша, қазіргі кезде "азаматтық қорғаныс" ұғымы тек әскери терминологиямен ғана байланысты емес. Қазіргі кезеңде АҚ ұлттық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесінің бөлігі болып табылады. Бұл жүйеге, мысалы, арнайы техникамен және жабдықтармен бірге өрт сөндіру және құтқару бөлімшелері енеді. Осыған байланысты студенттерге тұрмыстағы және табиғаттағы тәртіп ережелері туралы айтылды. Мемлекеттік инспектор өрт қауіпті жағдай туындамас үшін қандай нормаларды сақтау керектігін еске салды.

Кездесу соңында ШҚО ТЖД қызметкері құтқару қызметі мен шұғыл әрекет ету қызметтерінің нөмірлерін тағы бір рет атап өтті. Студенттер мамандарға сұрақтар қойып, құтқарудың қызықты оқиғаларын тыңдады. Мамандардың өнер көрсетуі жастарға үлкен әсер қалдырды. Әңгіме соңында студенттер қонақтарға танымдық кездесу үшін алғыстарын білдірді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo