С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті Маркетинг бөлімінің өкілдері Өскемен қаласы О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің түлектерімен онлайн Ашық есік күнін өткізді.
Кездесу университет ректоры, профессор, Өскемен қаласы мәслихатының депутаты Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің қатысуымен өтті.
Онлайн кездесу барысында оқушыларға ЖОО-дағы білім беру бағдарламалары, ҰБТ-ға дайындық және түлектерге арналған жеңілдіктер жайында ақпарат ұсынылды.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы