С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар» қоры Шығыс Қазақстан облыстық фронт-кеңсесі мен дайындық бөлімінің тыңдаушылар арасында онлайн платформасында кездесу өтті.
Кездесу тақырыбы – «ШҚУ: этникалық қазақ жастарын қашықтан оқыту үрдісі».
Кездесуге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы «Отандастар» қоры Шығыс Қазақстан облыстық фронт-кеңсесінің меңгерушісі Ақтай Әскерхан қатысты. Қордың білім беру мәселелері бөлімінің маманы Әлжан Шәріпов шетелдік студенттерге жылда бөлінетін гранттар саны және оған қатысу ережелері туралы мәлімет берді.
Сұхбатта Қазақстанда шетел азаматтарының құқықтарын қорғау мәселелері талқыланып, тыңдаушыларды толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы