Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да оқу процесіне тұрақты бақылау және қашықтан оқытудың сапасына мониторинг жүргізіледі

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың міндетті кезеңі оқу процесін жүргізу барысын бақылау және әртүрлі деңгейлерде жүзеге асырылатын оқыту сапасын бағалау мониторингі болып табылады.

Оқытушылардың оқу-әдістемелік материалдарды жүктеуіне және оның сапасына, сабаққа қатысуына, тапсырмаларды орындауы мен бағалауына мониторинг жүргізу міндетті болып табылады.

Мониторингті оқытушылар, кафедра меңгерушілері, факультет декандары, академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің мамандары, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор және т.б. жүзеге асырады.

Осылайша, оқу процесін ұйымдастыру және бақылау бөлімі педагогтердің оқу жүктемесін орындауына мониторингті жүзеге асырады, ал тіркеу кеңсесі Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету және цифрландыру орталығымен бірлесіп оқытушылар мен білім алушылардың қашықтықтан оқытудың ақпараттық жүйелеріне қолжеткізуін тексереді.

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру кезінде пәндердің силлабустарына міндетті түрде тиісті толықтырулар енгізу қажет. Бұл ретте оқытушылар қашықтықтан оқытудың ерекшелігін ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында:

- оқытудың мәлімделген нәтижелеріне қол жеткізу тәсілдерін өзектендіру;

- LMS жүйелерінде білім алушылар үшін сапалы тапсырмаларды қайта қарау және қалыптастыру;

- ұсынылатын әдебиеттер тізімін түзету (білім алушылардың университеттің ғылыми кітапханасында ұсынылған қағаз ресурстарға қол жеткізе алмауына байланысты) бойынша жұмыстарды жүргізуі тиіс.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo