Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да оқушылармен «Химия ғажайыптары» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті

Химия кафедасы Абай ауданы және Өскемен қаласы мектептеріндегі химия, биология пәндерін таңдаған оқушылармен «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те, көретініміз химия ғажайыптары» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.

Іс-шараға 11 сынып оқушыларымен қатар мектеп мұғалімдері және химия кафедрасының оқытушылары қатысты. Ұйымдастырушылар – химия кафедрасының доценттері, п.ғ.к. Б.С.Тантыбаева және З.С. Дәуітова С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің факультеттері және білім беру бағдарламаларымен, инфрақұрылымымен таныстырды. Химия ғылымының маңызына тоқталып, химия кафедрасының оқыту және зерттеу нысандарын көрсетті, оқушылармен білім сайысын ұйымдастырды. Білім сайысында химияға байланысты сөзжұмбақтар шешіліп, викториналық сұрақтарға жауап беріліп, тәжірибелер көрсетілді, оқушылар белсенділік танытты.

Химия кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к. Б.К. Шаихова іс-шараға қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс білдірді.

Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру – маңызды іс. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым-қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе, сапалы маман ретінде қалыптасады.

Химия кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo