С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Мұғалімдер күніне орай оқытушыларға әсем музыканың сүйемелдеуімен гүл шоқтары мен мерекелік шарлар тарту етілді.
Таңертең №1 оқу ғимаратының сәнді безендірілген холында музыка әуенімен оқытушыларға гүлдер мен университеттің логотипі бар мерекелік шарлар сыйға тартылды.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлеген университет оқытушыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Ұстаздар қауымы мерекеге орай әзірленген пресс-қабырғада (Press Wall) естелік суреттерге түсті.
Карантиндік шараларға байланысты шектеулерге қарамастан мейрам жаңа форматта өтіп, университет оқытушылары мен қызметкерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мерекені тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі ұйымдастырды.
Баспасөз қызметі