Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да оқытушылардың тарих мамандығының 1 курс студенттерімен кездесуі өтті

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінде Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің м.а. және куратор-оқытушылардың «Тарих», «Тарих және сандық гуманитаристика» білім беру бағдарламаларының бірінші курс студенттерімен онлайн-кездесуі өтті.

Кездесуге аға оқытушы Л.К. Жаманбаева және аға оқытушы А.Т. Қазбекова қатысты.

Кафедра меңгерушісі А.Ж. Әубәкірова студенттерге пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылында оқыту қашықтық форматта өтетіні туралы хабардар етті.

Кездесу барысында онлайн режимінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бүкіл білім беру процесі Академиялық күнтізбеге сәйкес жүзеге асырылады, ол оқу процесін ұйымдастырудағы негізгі күндер көрсетілген оқу процесінің кестесі болып табылады.

1 курс студенттері үшін сабақтар қашықтықтан синхронды режимде университеттің қашықтан оқыту порталындағы (http://edu.vkgu.kz/) кестеге сәйкес Big blue button және ZOOM платформалары арқылы өткізіледі.

Бұл порталда оқытушылар әзірленген білім беру контентін жүктеді: онлайн курстар, бейне-дәрістер, тесттер, әр пән бойынша қосымша материалдар, ғылыми кітапхананың ресурстары мен еліміздегі үздік кітапханалардың ресурстары қосылды.

Қашықтан оқыту порталында жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық әзірленген және студенттерге оқу процесін жеке режимде сәтті ұйымдастыруға көмектесетін порталда орналастырылған.

Қазақстан тарихы кафедрасы меңгерушісінің м.а. А.Ж. Әубәкірова түлектерді оқыту және жұмысқа орналастыру перспективалары, жасалған шарттарға сәйкес облыс мұражайлары мен мұрағаттарында тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы айтып берді.

Топ кураторлары Л.К. Жаманбаева мен А.Т. Қазбекова бірінші курс студенттерін факультеттің тарихымен, дәстүрлерімен таныстырды.

Кездесу барысында студенттер оқу процесінде жиі кездесетін барлық сұрақтарға жауап алды.

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo