Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру курсы басталды

С.Аманжолов атындағы ШҚУа онлайн режимде қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып сабақ жүргізетін оқытушылар үшін біліктілікті арттыру курсы басталды.

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, білім алушылар үшін сабақ жүргізетін оқытушылардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында 18 қаңтардан бастап «Оқытушыларды ЖАОК әзірлеу және іске асыру бойынша жұмысқа даярлау» біліктілікті арттыру курсы басталды.

Курстың мақсаты: ЖАОК (жаппай ашық онлайн курстар) форматында онлайн оқытуды іске асыру тақырыбы бойынша оқытушылардың кәсіби деңгейін арттыру – ЖАОК әзірлеу және өндіру, түрлі бағалау құралдарын әзірлеу, курстарды іске қосу, сүйемелдеу және ілгерілету.

Курстың негізгі міндеттері – ЖАОК құру және әзірлеу кезінде кәсіби шеберлікті арттыру, ЖАОК үшін білім беру платформаларында оқыту әдістері мен құралдары саласында оқытушылардың дағдылары мен білімдерін жетілдіру, ЖАОК форматында курстар құрудың практикалық тәжірибесін беру. Оқытуды қашықтықтан оқыту технологиясы бөлімінің қызметкерлері жүзеге асырады.

Курс бағдарламасын сәтті орындаған әрбір қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі.

Қашықтықтан оқыту технологиясы бөлімі

Қазақ
× You found a Typo