С.Аманжолов атындағы ШҚУ кітапханасында Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығына арналған «Жердің патриоты – Патриот Земли» атты виртуалды көрме ашылды.
Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамырда Алматыда дүниеге келген. Ол – ақын, жазушы және әдебиеттанушы, Қазақстанның Еңбек Ері (2016), Қазақ КСР халық жазушысы (1990), Қазақстанның қоғамдық-саяси қайраткері, дипломат.
Лингвистикалық зерттеулердің, атап айтқанда, "Игорь полкі туралы сөздің" түркі элементтеріне арналған зерттеулердің авторы ретінде танымал болды. Кеңес заманында оған қарсы саяси науқан жүргізілді, соның нәтижесінде Сүлейменовтің идеялары түркі әлемінде ерекше танымалдыққа ие болды.[
Әрі қарай оқу: https://ru.sputnik.kz/culture/20210407/16716233/olzhas-suleymenov.html
Ольга Бедарева,
Ғылыми кітапхана