Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да онлайн-ректораттың отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен онлайн-ректораттың кезекті отырысы өтіп, оның барысында бес мәселе қаралды.

Жаңа нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да оқу процесін ұйымдастыру туралы академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаменті директорының м.а. А.К. Алипова хабардар етті.

Спорт клубының жетекшісі Б.А. Асылбеков 2020-2021 оқу жылына арналған университет спорт клубының жұмыс жоспарына енгізілген өзгерістер туралы хабарлады.

Университеттің КЕАҚ-қа көшу жоспарын іске асыру барысы туралы стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор И.В. Ровнякова хабардар етті.

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Л.Т. Байжұманова 2020 жылы студенттер контингентін қабылдау және қалыптастыру жоспарын іске асырудың аралық қорытындылары туралы, ал Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығының жұмысқа орналастыру жөніндегі маманы А.М. Раисова 2020 жылғы университет түлектерін жұмысқа орналастырудың аралық қорытындылары туралы хабарлама жасады.

ЖОО ректоры М.Ә. Төлеген жаңа оқу жылына арналған басты міндеттерді белгіледі. Мәселен, ол қыркүйек айында басталуы керек кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына және оны нақты, түбегейлі әрі атаулы түрде жүзеге асыру керектігіне баса назар аудартты. Сонымен қатар, университет ректоры қыркүйек айында түлектердің жұмысқа орналасуы 100 пайызды құрауы тиіс екенін атап өтті.

Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo