Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да «Онлайн режимде гуманитарлық пәндерді оқыту ерекшеліктері» әдістемелік семинары өтті

Рухани жаңғыру және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы профессор-оқытушы құрамының ұйымдастыруымен Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің әдістемелік онкүндігіне орай «Онлайн режимде гуманитарлық пәндерді оқыту ерекшеліктері» әдістемелік семинары өтті.

Семинар кафедра меңгерушісі Ф.К. Қабдрахманованың кіріспе сөзінен басталды. Семинар барысында ф.ғ.к., доцент В.М. Шелепов «Специфика и особенности преподавания гуманитарных дисциплин в режиме онлайн и традиционного образования», ф.ғ.к., доцент Н.И. Карпова «Философия как методологическое основание для выработки субъектности студентов в воспитательно-образовательном процессе», аға оқытушы М.Шүршітбай «Гуманитарлық пәндерді қашықтықтан оқытудағы кейбір ерекшеліктер» атты баяндамалар жасады. Баяндамашылар қашықтан оқыту ерекшеліктері, гуманитарлық пәндерді қашықтан оқытудағы жаңа технологиялар жайлы мәліметтермен бөлісті.

Біз үшін қашықтықтан оқытудың маңыздылығы – білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы студенттердің білім деңгейін көтеру. Сонымен қатар ақпараттық-технология кеңістігіне жол ашып, білім алушылардың ғылыми, танымдық, ізденімпаздық және шығармашылық ізденістерін арттырып, білікті маман дайындау әр оқытушы міндеті деп білеміз.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo