С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың академиялық саясаты онлайн-сабақтар немесе онлайн-консультациялар өткізу кезінде оқытушылар мен білім алушылар визуалды және сөйлеу этикетін сақтауға міндетті екенін анықтайды.
Визуалды және сөйлеу этикеті – бұл ұқыпты келбетке, камераның артқы планына, сөйлеуге қойылатын талаптар.
Сонымен қатар, арандатушылық немесе ел заңнамасының нормаларын бұзатын бейнелерге жол бермеу, трансляцияға осы курс бойынша білім алушы болып табылмайтын адамдарды тарту, үй жануарларын көрсету және т.б.
Білім алушы көрсетілген талаптарды бұзған жағдайда оқытушы білім алушының осы сабаққа немесе іс-шараға қол жеткізуін тоқтатуы не бұғаттауы және дәлелді себепсіз сабақты өткізу фактісін тіркеуі тиіс.
Бұзушылықтардың сипатына қарай оқытушылар мен білім алушылар тәртіп бұзушыны тәртіптік жауапкершілікке тарту мақсатында университет/факультет/білім беру бағдарламасының басшылығына жүгінуге құқылы.
Баспасөз қызметі