Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Өсімдіктер биологиясы мен биотехнологиясы зертханасы жобасының алғашқы қорытындысы шығарылды

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Ұжымдық қолданыстағы ұлттық ғылыми зертханасына қарасты (ҰҚҰҒЗ) Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы зертханасы жобасының бірінші жылғы қорытындысы шықты.

Қазіргі уақытта Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы зертханасында М.Ю.Сутуланың басшылығымен "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарына вирусқа қарсы төзімділік беруге бағытталған инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу" мемлекеттік бюджеттік тақырыбы бойынша ғылыми зерттеулер жүруде. 

 Осы жоба бойынша "Өмір және денсаулық туралы ғылым" басым бағыттағы ұлттық ғылыми кеңес (ҰҒК) 61,5 млн. теңге сомасына қаржыландыруды мақұлдады.

Өткен жылы бір жылға бөлінген барлық қаражат игерілді, молекулалық биология және биохимия саласындағы жоба бойынша қажетті жұмыстарды орындау үшін 18,5 млн. теңге сомасына жабдық сатылып алынды.

ҰҚҰҒЗ – молекулалық және жасушалық биология мен биохимия саласында осындай зерттеулермен айналысатын Шығыс Қазақстан облысындағы жалғыз зертхана.

Енді осындай мүмкіндіктермен ШҚУ ғалымдары алдағы жылдар ішінде одан да көп инновациялық және серпінді зерттеулер жүргізе алады, өз дағдыларын студенттердің, магистранттардың және докторанттардың кейінгі буындарына бере алады, ғылыми еңбектерін WOS және Scopus дерекқорына кіретін жоғары рейтингілі журналдарда жариялай алады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo