Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚУ-да Өскемен мектептерінің түлектерімен онлайн кездесу өтті

Экономика және құқық факультетінің оқытушылары Өскемен қаласы мектептерінің түлектерімен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Қаржы және есеп кафедрасының оқытушылары А.А.Апышева, К.Ж.Шолпанбаева, Н.К. Шайханова, Л.И.Белоусова, К.Т.Конбаева, А.М.Жапарова қаржы бейініндегі мамандықтары туралы айтып, ШҚУ білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсу және дайындық ерекшеліктерін түсіндірді.

Оқытушылар Өскемен қаласындағы №11, №23, №15, №37, №10, №34, №7 орта мектептерінің түлектерімен кәсіби бағдар жұмысын жүргізді.

Кафедра оқытушылары онлайн режимде білім беру бағдарламаларының артықшылықтарын ұғындырып, түлектерге ШҚУ мен Қаржы және есеп кафедрасының білім беру бағдарламалары туралы тұсаукесер ұсынылды.

Қаржы және есеп кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo